• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:50:45
Алматы
+35°

Өнерге жасалған қастандық. Екі ел арасындағы бітіспес жауластық. Әбіш Кекілбаевтың "Күй" повесінің желісіне құрылған спектакльде режиссер осыны сахналаған.  Жазушының қос шығармасының басын қосып маңғыстаулық режиссер Гүлсина Мирғалива "Күй" премьерасын ұсынды.  Шығарма көрерменге толыққанды тұңғыш рет жазушының 80 жылдығы қарсаңында ұсынылып отыр. Бұған дейін Қазақстанның өзге театрлары сахналағанымен, Маңғыстау жерінде алғаш рет қойылды. Премьераны Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры ұсынды.

Көршілес екі ел арасындағы өшпенділік. Дау мен кек. Мәңгүртке айналған тұтқындар. Қойылым желісі осылай өрбиді. Спектаклден көрермен қилы замандарда өмір сүрген халықтың  тағдырын көре алады. Қойлымның басты ерекшелігі, мұнда режиссер жазушының екі шығармасын біріктірген. Таңдалған екі шығармада да өнер өкіліне жасалған қысастық бар. Оның бірі- "Күй" повесіндегі күйші болса, екіншісі "Аңыздың ақыры" романындағы шеберге жасалған озбырлық.  Режиссер бұл қойлымы арқылы -дала дарындарына ескерткіш қалдыруды көздеген.

-Ә. Кекілбаевтың "Күй" повесімен қойылған және "Аңыздың ақыры" романының сюжетін,  "Ақсақ темірдің" сюжетін, "Шебердің" сюжетін қостық. Жанры драма деп ойлауға болады. Мен иллюстрауия деп атадым. Өйткені кітап оқығандай әсер береді. Кекілбаевтың сөзін жоғалтпай, сахнадан айтып тұрмыз, дей   ді  Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрдың режиссеры Гүлсина Мирғалиева.

Оқиға түркмен Жөнейт, күйші , дутаршы арасында өрбейді. Түркмен мен қазақтар арасындағы кезекті бір соғыста түркмен батыры, Жөнейттің інісі Көкбөрі қаза табады. Ал кек алуға түркмен жағы соғыс үшін жаралмаған ұлы Дутаршы Дәулетті жұмсайды. Бұл-Дәулет үшін соңғы шайқас болды. Бірақ түркмен жағы дәулеттің құны деп, қазақ күйшіні қолға түсіреді. Өнер үшін жаралған жан тұтында жүрсе де күй тартуын қоймайды. Шебер орындағаны сонша қатыгез Жөнейттің өзі еріп кетердей болады. Қойлымның басты кейіпкері түркмен Жөнейтті –Кенжебек Башаров сомдаған. Күйші рөлін- Нұрсұлтан Жексенбаев алып шықса, Дутаршы Дәулетті - Ислам Есжан ойнап шықты. 1 сағат 20 минутқа созылған қойлымға театр ұжымы айлап әзірленген. Еңбек ақталды , тың туынды көпшілік көңіленен шықты.

Театр ұжымы бұған дейін Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан», «Шыңырау» шығармаларының желісмен спектакьл ұсынған. Келер айда «Бір шөкім бұлт» қойлымының премьерасы көрерменге жол тартпақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір