• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 15:21:20
Алматы
+35°

PISA-ның 2018 жылға арналған жыл сайынғы зерттеуі шықты. Қазақстанның жағдайы мүшкіл.

Достар, енді бұл мүлдем жарамайды! Ешқандай жол жоқ! Біз қандай да бір халықаралық жарыстарда жүлде алғанымызға мәз боп, мақтанып жүрміз. Ал, жалпылай, бүкіл ел бойынша алғанда, білім саласы қатты құлдырап кеткен! Бұл PISA-сыз-ақ көрініп тұратын, бірақ біз балаларымыз батып жатқан батпақты ресми түрде бекіттік. Біз әрбір бұрыштан: «SOS, SOS, SOS» - деп айғайлауымыз керек.

Мұның бәрі білім министрлерінің бейберекет ауыса беруі мен реформалау стратегияларының салдары. Дегенмен емі жоқ емес. Бұл мәселені шешу үшін қоғамның ынта-ықыласы мен белсенді болғаны керек. Өзара талқыға салу, мемлекеттік қызметке меритократия қағидаларын енгізу, ең бастысы, саяси реформа қажет!

отл

Қосымша мәлімет:
Оқушылар қабілетін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (англ. Programme for International Student Assessment, PISA) – әлемнің әртүрлі елдеріндегі оқушылардың сауаттылығы мен білім деңгейлерін іс жүзінде қолдана алу қабілетін бағалайтын тест. Әр үш жыл сайын өткізіледі. Тестке 15 жастағы жасөспірімдер қатысады.

Марғұлан Сейсембайдың фейсбук парақшасынан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір