• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:48:04
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

Бұл бұрын-соңды болмаған наразылық шеруі болуы мүмкін. Мұны билік те аңғара бастағандай. Өйткені халықтың жағдайы оңалайын деп тұрған жоқ.

Қазір ел астанасының ең басты көшелерінде қауіпсіздік шаралары барынша жасалып жатыр. Әрине, құқық қорғау органдары мен митингке шығатын топтың арасында қақтығыс болуы мүмкін. Әйтеуір адам өлімі орын алмаса болды. Ең бір алаңдатарлығы, бұл жолғы наразылық шексіз мерзімге ұласпақ. Ал халықты мазасыздандырып отырған мәселелер жетерлік.

Бүгін түс ауа ел астанасына келетін барлық пойыздар тоқтайды. Қауіпсіздік үшін метродағы қозғалыс та шектелетін болады. Ел астанасында автобустардың 30 пайызы ғана жолаушыларға қызмет көрсетеді. Осыған байланысты пайда табуға тырысып қалатын таксистер бағаның құнын өсіріп жіберуге тырысып жатыр. Троллейбустардың 30 пайызы ғана бүгін жұмыс істеп, жолаушылар тасымалымен айналысады.

Әуе тасымалы да бүгін өз қызметін тоқтатады. Ел ішіндегі 233 әуе  рейсі бүгін қызметін кейінге шегергенін мәлім етті. Кең ауқымды жағдайда өтетін бұл наразылық шеруі елдің қазынасына ауыр шығын әкелейін деп тұр.

Қалай болғанда да бұл билікке берілген ауыр соққы.

Ел астанасында орналасқан  басқа елдердің елшіліктері қауіпсіздік үшін туристік және іссапармен жүрген өз азаматтарына үндеу таратты. Елшілік өкілдері мүмкіндігінше  көшеге көп шықпауды өтініп, ескерту жасады.

Сонда халықтың  көшеге шығудағы мақсаты не? Ең алдымен әлеуметтік жағдайды қалпына келтіру, зейнетақы реформасын қайта қарау. Бүкіл елді қамтитың кең ауқымды акцияны республиканың кәсіподақтар ұйымы ұйымдастырып отыр. Билік барынша бақылауды күшейтпек. Бірақ халықпен арада текетірес пен қақтығыс орын алса, адам өлімі орын алуы мүмкін. Жұртты да осы мәселе алаңдатып отыр.

...Ескерте кетейік, бұл бүгін түстен кейін Франция астанасы Парижде басталатын кең ауқымды наразылық шеруі. Жалпы билік пен халықтың диалогқа келгені дұрыс қой. Сонда ғана халықтың көңілі тыншиды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір