• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
23 Қаңтар, 08:57:00
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

06 Желтоқсан, 2019 NEWS

Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны миллионнан асты

Озық отыз елдің қатарына ұмтылған жұртта енді 1,25 миллион жеке кәсіпкер тұрады. Тіркелгені, әлбетте. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агентігі Ranking.kz. сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржыгер мамандардың айтуынша, бұған себеп – елдегі микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) кредиттерінің үлес салмағының үздіксіз өсуі негіз болуда. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы МҚҰ кредиттері 38 пайызға дейін өсіп отыр.

Дәлірек айтқанда, соңғы тоқсандағы МҚҰ-ның жиынтық несие портфелі айтарлықтай өсіп, биылдың екінші тоқсаны бойынша 258,1 млрд. теңгеге жетті. Бір жылдағы өсім шамамен 40 пайызға жуықтаған.

Бұл тұста тағы бір үлесін жүздіктің үстіне үстеген көрсеткішті айта кетуіміз керек. Айталық, осы жылдың екінші тоқсанында Ұлттық банкке 165 микроқаржы ұйымы есеп берген.

Мұндайда, қаржылық сауаттылығы жоғары оқырманның мұнша көп ұйымның көш басындағы ТОП-10 нұсқасын білгісі келетіні заңдылық. Атап айтар болсақ, олар: «Solva», «Тойота Файнаншл», «Шинхан Финанс», «Береке», «Ырыс», «Азиатский кредитный фонд», «КМF», «РИЦ Кызылорда», «Арнур Кредит», «ERG Microfinanse» болып ондықта тұр.

Қорыта айтқанда, елдегі микроқаржы ұйымдарының үлес салмағының мұнша тез артуына екі фактор себеп болып отырғанға ұқсайды. Оның алғашқысы, әрине, аталмыш ұйымдардың қай тұрғыдан алғанда да кәсіп ашқысы келетін қарапайым халыққа қолжетімділігі деуге болады.

Ал келесі факторға келсек, алыс аймақтарда екінші деңгейлі банк филиалдарының аз болуы себеп болып отыр. Бұндай жағдайда үлес салмағы күн сайын артып бара жатқан жеке кәсіпкерлер үшін өз бизнесін дөңгелетуде микроқаржы ұйымдарға жүгінген әлдеқайда тиімді екені белгілі.

Қозыбай ҚҰРМАН

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір