• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:29:02
Алматы
+35°

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельмен бірлескен пресс-конференцияда Украинаға қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі forbes.kz-ке сілтеме жасап.
 
– Біздің тұңғыш президентіміз ізгі ниет білдіріп, Қазақстан аумағын келіссөздер дәнекері ретінде ұсынды. Алайда Украина мәселесі ең алдымен "норманд форматында" шешілуі керек деп ойлаймыз. 9 желтоқсанда Парижде "норманд төрттігінің" отырысы өтетіні белгілі. Біз жиынның сәтті өтуіне тілеулеспіз. Өйткені Украинамен бізді дәстүрлі достық пен әріптестік байланыстырады. Біздің украин халқына деген құрметіміз зор. Халық бейбіт, бақуатты өмірге лайық деп есептейміз, – деді президент.
 
Ескерте кетелік, Қ.Тоқаевтың Германия сапары алдында "Немцова. Интервью" бағдарламасына берген сұхбаты барысында Қырым оқиғасына қатысты аннекция сөзін қолданбайтынын айтуы қызу талқыға себепші болған еді.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір