• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Наурыз, 15:45:35
Алматы
+35°

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру және алу тетігін түсіндірді. Ол қазақстандықтардан дүрбелеңге салынбауды сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтының дерегін негізге алып. 

"Дүрбелең жасаудың қажеті жоқ. Тізімді нақтылап алу керек, содан кейін ХҚКО-да атаулы әлеуметтік көмек төлеудің жаңа тетігін түсіндіреді. Біз жаңа механизм енгізіп жатырмыз. Жәрдемақының үш түрі болады", - деді Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған республикалық конференцияның кулуарында.

Жәрдемақының бірінші түрі – төрт немесе одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы. Ол табысына қарамастан кез келген көп балалы отбасыға төленеді.

Екінші түрі – атаулы әлеуметтік көмек (АӘК). Бұл жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне шаққандағы отбасының жиынтық кірісіне байланысты бұрынғы тетікке сәйкес төленеді.

Үшінші түрі – кепілдендірілген әлеуметтік пакет.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтарында АӘК алушылардың салдарынан дүрбелең туып, ұзын-сонар кезек пайда болған. Көбісі жәрдемақы алуға құжат тапсыру мерзімі шектеулі деп ойлаған.

Премьер-министр орынбасарының айтуынша, ешқандай шектеу жоқ. Қаңтардағы мерекелерде халыққа қызмет көрсету орталықтарында дүрбелең тудырмау үшін адамдарға қажетті құжаттар пакетін дайындау туралы алдын ала хабарланады.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тізімінде бар-жоқ екеніңізді Еңбек министрлігінің сайтында тексере аласыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір