10 Желтоқсан, 2019 NEWS
life.ru
Қытай Халық Республикасындағы Қытай-қазақ радио желісінде Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданындағы этностық топтарға (ішінде этникалық қазақтар да бар) қатысты Қытай үкіметінің ресми мәлімдемесі жарияланды. Осы ретте Qamshy.kz ақпарат агенттігі аталған құжаттың еш әрпін өзгертпестен оқырманға ұсынғанды жөн көрді. "Шыңжаңның тыныш, берекелі, гүлденіп-көркейген тамаша жағдайын батыл қорғайық" деген тақырыпта жарияланған мәлімдемеде былай делінген:
"Қазір Шыңжаңның қоғамы жарасымды, орнықты, экономикасы баянды дамып, халқы алаңсыз тіршілік етіп, тарихтағы ең тамаша гүлдену, даму кезеңінде тұр. Бірақ АҚШ-тағы кейбіреулер Шыңжаңның тамаша жағдайын көргісі келмей, орынды-орынсыз айыптап, шындықты елемей, ақ пен қараны шатастыратын сөздер айтып, Шыңжаңды барынша қаралады. АҚШ парламенті қауым палатасы 3 желтоқсан күні "Ұйғыр актісін" мақұлдап, Синьцзянның адамдық құқық жағдайына барынша шабуыл жасады, бұл Қытайдың ішкі ісіне дөрекілікпен килігіп, халқаралық заң мен халқаралық қатынастың негізгі өлшемін ауыр дәрежеде аяқасты еткендік".
Бұдан әрі Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданы мен ондағы әр ұлт халқы бұны қатаң айыптайтынын, бұндай әрекетке батыл қарсы тұратынын жеткізген.
"Шыңжаңның тыныш, берекелі, гүлденіп-көркейген тамаша жағдайы оңай-оспақ қолға келген жоқ. Қытай үкіметі Шыңжаңдағы әр ұлт халқын барынша аялап, барынша қастерлейді, сыртқы күштердің килігуіне әсте жол бермейді. Түрлі жала жабу Шыңжаңдағы әр ұлт халқының ынтымақтаса алға басу қадамын бөгей алмайды; түрлі өсек-аяң Шыңжаңның адамдық құқық істерінің дамуы мен алға басуы сынды шындықты жоққа шығара алмайды; түрлі қаскүнемдік Шыңжаңның даму, гүлдену барысына кедергі бола алмайды. Біз АҚШ-тағы кейбір адамдарды қырғи-қабақтық соғыс ойынан арылып, объектив шындыққа құрметпен қарауға, өздерінің бөтен ниетін іске асыру үшін Шыңжаңның образына күйе жақпауға, зорлықшыл жолмен жүре бермеуге шақырамыз".
Аударған
Қозыбай ҚҰРМАН
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір