• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:35:06
Алматы
+35°

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылы басталатын еріктілер жылына орай олардың қызметін атап көрсетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

 1.Волонтерлер балалар үйлеріндегі балаларды қамқорлықтарына алады. «Саулық» бағыты арқылы медициналық волонтерлік дамып, науқастарға қамқорлық көрсетіледі.

2.«Таза әлем» жобасы - бұл қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптауға үйрету.

  1. «Асыл мұра» бағыты волонтерлерді халқымыздың материалдық және рухани мәдени-тарихи мұрасын сақтауға тартады.
  2. «Қамқор» бағыты еріктілердің қарттар үйлерінде жұмысына бағытталған.
  3. «Білім» - бұл ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту.
  4. «Үміт» жобасын Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 75 жылдығына орай отандастарымыздың ерліктерін паш ететін құжаттарды іздеуге бағдарлауға болады.

Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілердің сағаттары еңбек өтіліне есептелуі қажеттігін де  атап айтты.

 


 


 

 


 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір