• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:39:23
Алматы
+12°

Күні кеше 63-ке толған Иманғали Тасмағамбетов зейнет демалысына кетеді-мыс деген әңгіме әлеуметтік желіде желдей есуде. Кезінде іс жүзінде Иманғали Тасмағамбетов Ресейге елші болып тағайындалған сәт оның саяси сахнадан кетуінің басы деушілер аз болмады. Билік Ермұхамет Ертісбаев сценарийін Иманғали Нұрғалиұлына қатысты қолдана ма?

Ертісбаев сценарийі көптің есінде. Ұзақ жылдар президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі де, министр де, саяси сарапшы да болған оның дәуірлеп тұрған кезеңіне 2013 жылы нүкте қойылды. Елден елші болып кеткен ол отанына зейнеттік демалысқа шығып бір-ақ оралды.

Назарбаевтың сенімді серігі болған Марат Тажин де үлкен ойыннан осы жолмен шығарылатынға ұқсайды. Бүгінде ол – қарт құрлықта. Зейнеттік демалысқа дейінгі 4 жылын Чехиядағы төтенше және өкілетті елші қызметінде өткізетін секілді.

Ал Тасмағамбетовтың алдағы тағдыры бөлек әңгіменің тақырыбы ретінде қарала ма? Олай істеуге толықтай негіз бар.

Өйткені Тасмағамбетов тәуелсіздік тарихындағы ірі саясаткер. Оған деген елдің ықыласы да ерекше. Әлі де болса, оны үлкен саясаттан көргісі келетіндер көп.

Саясаттанушы Ербол Еділовтың өзінің дереккөздеріне сүйеніп айтуынша, Тасмағамбетов орнынан босатуын күтпестен өзі бастама көтеріп, қызметтен өзі кетеді. Заң шеңберінде. Ұсынылуы бек мүмкін сенаттағы қызметтен де бас тартады.

Осылайша, саяси мансабына әдемі нүкте қоймақ. Тіпті ол туралы "өтініш те білдірген" дегенді айтады саясаттанушы.

Қамшыгер

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір