• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Наурыз, 15:38:57
Алматы
+35°

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының репертуары жаңа қойылыммен толықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі театрдың баспасөз қызметінің дерегін негізге алып. 12-13 желтоқсанда көрнекті жазушы-драматург Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінің желісінде қойылған, режиссер Жұлдызбек Жұманбайдың  «ҚАР ҚЫЗЫ» спектаклінің премьерасы өтеді. 

Премьера қарсаңында журналистерге арналған баспасөз конференциясы өтеді. Қазақстан Жазушылар одағы, Алматы қалалық әкімшілік және театрдың ұйымдастыруымен  Оралхан Бөкейге арналған галлерея және театрымыздың  «Музей» бөлімінің ұйымдастыруымен «Қар қызы» спектаклінде ойнайтын артистердің галлереясы көрерменге ұсынылады. Сонымен қатар, «Сырласу» бұрышында ақын, драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, «Бауыржан Момышұлы атындағы қызыл жұлдыз» орденінің иегері Бақыт Беделханмен поэзия кешінің форматында сыр-сұхбат өтеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

❄ЖУЫРДА... ПРЕМЬЕРА ❄ ⠀ ? 12-13 ЖЕЛТОҚСАН ⠀ ? 18.30-да ⏳ ⠀ ? Көрнекті жазушы-драматург О.Бөкейдің «Қар қызы» повесінің желісінде қойылған «ҚАР ҚЫЗЫ» драмасы. ⠀ ? Қоюшы-режиссері және сахналық нұсқа авторы – Жұлдызбек Жұманбай @zhuldyzbekzhumanbai ⠀ ? Қоюшы-суретші – Алтынай Жүсіпәлі ⠀ ? Балетмейстер – Карина Жиренбаева ⠀ ? Режиссердің ассистенті – Қуаныш Бейсеғалиев @kuanysh_beisagaliev ⠀ ? Режиссердің көмекшісі – Сумбат Гениярова ⠀ ? Видео : Райымбек Аман @raiymbek.erlanuly ⠀ ? Кейіпкер : @dikosya.usenova ⠀ #94театрмаусымы #Әуезовтеатры94маусым #ҚарҚызы2019

Публикация от ? Áýezov teatry (@auezovtheatre)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір