• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
21 Қаңтар, 09:43:47
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

11 Желтоқсан, 2019 NEWS

Алматылықтар Медициналық сақтандыру қорына 48 млрд теңге аударды

inbusiness.kz

2017 жылдың 1-шілдесі және 2019 жылдың 30-қарашасы аралығында Медициналық сақтандыру қорына 233 млрд теңгеден астам қаржы жинақталды, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы.

«Алматы қаласы жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан республика бойынша көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі оңтүстік астаналықтарға тиесілі. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1-шілдесінен 2019 жылдың 30-қарашасына дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 48 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 45,5 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары. Оңтүстік астана бойынша 1 млн 428 мың адамның атына жарна түскен», – деді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 5136 адам 17,6 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем төлеген.

Естеріңізге сала кетсек, бірыңғай жиынтық төлем елімізде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген болатын. Жиынтық төлемнің ішінде өзге әлеуметтік төлемдерге қоса сақтандыру жарнасы да бар. Ол жалпы соманың 40 процентін құрайды.

Бірыңғай жиынтық төлем – республикалық маңызы бар қалалар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе 2525 теңге, ауылдық жерлер үшін – 0,5 АЕК немесе 1263 теңге көлемінде белгіленген. Төлемнің бұл түрін жалдамалы жұмысшылардың қызметін пайдаланбайтын, жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар, фрилансерлер, сантехниктер, құрылысшылар, такси жүргізушілері т.б. төлей алады.

Ілмек сөздер: мәмс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір