• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 10:46:29
Алматы
+12°

Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі Barсlays center орталығында өткен концертінде ине шаншар орын болмады. Концертке әлемнің түпкір-түпкірінен жанкүйерлер келді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Үлкен шоу көрсетілген әртістің әр номерін тыңдармандар ерекше қошеметпен қарсы алды. Кеш барысында бірнеше тілде ән шырқаған әнші әр туындыға ұлттық бояу қосып отырды. Залға жиналғандар әсіресе қазақша туындыларды ерекше жылылықпен қабылдап, кейбірін қосылып шырқады.

"Дайдидау" әні айтылғанда жанкүйерлер орындарынан тұрып, қосыла шырқап, көзіне жас алғандар да болды.

«Адай» күйі шертіліп, «Елім менің» әні орындалғандағы залдағы атмосфераны сөзбен жеткізу қиын. Көрініске желбіреген  көк ту түстес жалау мен қазақ даласының көріністері ерекше әр берді. Бұны көрген Америкада тұрып жатқан қазақтар отанына деген сағыныштан көз жасына ерік берді.

Димаш6.jpg

 

Осылайша Димаштың даусы америкалықтарды тәнті етіп, ұшан-теңіз энергетика сыйлады.

Димаш3.jpgДимаш4.jpg

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір