• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 14:18:47
Алматы
+35°

08 Қараша, 2019 Барлық аймақтар

/qamshy.kz

Қазір републикамыздың түкпір - түкпірінде өз еңбегі арқылы халыққа танылып, оның жемісін көріп жүрген жастар жетерлік. Сондай алғыр, іскер азаматтың бірі – Наурызбек Жұмабекұлы Сарыбасов. Жас келсе­ іске деген осы.

Ол Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы Ембі қаласының тумасы. Отызға енді ғана толатын жас жігіт – кәсіпкер. Елімізде болып жатқан қоғамдық саяси істерден еш қалыс қалмайды. Ол Қазақстандағы жетекші партия, төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев болып саналатын «НұрОтан» партиясының  мүшесі.

Наурызбек Жұмабекұлы Елбасының, бүгінгі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатын қолдайды. Өйткені елімізде шағын және орта кәсіпті дамытуға бар жағдай жасалған. Мемлекет бұл салаға көптеп көңіл бөліп келеді. Келер жылдан бастап Тоқаевтың жарлығы бойынша шағын және орта кәсіпкерлік толықтай үш жылдай салықтан босатылды. Бұл аталған саланың барынша дамуына серпін берері сөзсіз.

Ақтөбе облысының Емба қаласында қазіргі таңда 13 мыңдай адам тұрады. Ембі қаласында 13 мың халық тұрады. Барлығы тату тәтті. Неміс орыс, әзербайжан, тағы басқа ұлттармен ынтымақтастықта өмір сүруде.  «НұрОтан» партиясының мүшесі ретінде Наурызбек Жұмабекұлының олармен қарым-қатынасы жақсы. Ол Ембі қаласы мен ауданның аумағында өтетін барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысып отырады. Үнемі жастармен тығыз байланыста. Өйткені, жастар ­ біздің –болашағамыз.

Айта кету керек, ол кәсіпкерлікті 1995  жылы бастаған. Оңай болған жоқ, бәрі де қиыншылықтан басталған. Шағын сауда орнынан басталған бизнес өсті, өркен жайды. Қазір Құдайға шүкір,  бірнеше сауда дүкендері бар. Ембі халқына қызмет көрсететін әсемдік салоны бар. Адамдар үзілмейді. Оны зайыбы басқарады. Жастар демалатын арнайы орында  бүгінде  қызықты думан, ойын-сауық өтіп тұрады. Нұрлыбектің наубайханасынан шыққан дәмді де сапалы нандар Ембі халқының сұранысына ие. Нақты айтсақ, Ембі халқының жастары үшін жас кәсіпкер барлық жағдайды жасап отыр.

Мамандығы экономист-қаржыгер болғандықтан   есеп-қисаптың барлық тетігін біледі десе де болады. Тиісті орындарға салығын төлеп, қазынаға қаржы түсіріп отыр.

Наурызбек Жұмабекұлы биылғы жастар жылында олармен тығыз жұмыс істеді. Аудан  жастары оның идеялары мен бастамаларын қызу қолдайды.

Жас кәсіпкер «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша аздаған несие алып, кәсібін көрсейткен. Ол ауыл экономикасының көтерілуіне  барынша  жұмыс істеп жүрген азамат. Жаңадан жұмыс орындарының ашылуына үлкен үлесін қосып жүр.  Жас кәсіпкер  әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қамқорлығын көрсетіп отырады.

–Мен үшін ең басты нәрсе, халықтың алғысын алу. Өз басмаларымның аяқсыз қалғанын қаламаймын. Ел үшін істеленіп жатқан жұмыстар жетерлік. Соларды баянды етуге тырысамын. Туған елге қызмет ету, ауылдың көркейтіп, гүлдендіру мен үшін басты мақсат, - дейді «НұрОтан партиясының мүшесі, жас кәсіпкер Наурызбек Жұмабекұлы Сарыбасов.

Айтса, айтқандай, жас кәсіпкер бүгінгі таңда 100-гек жуық адамды жұмыспен қатмтамасыз етіп отыр. Жұмыста тек қана адалдықты жақсы көретін азамат өз ісіне асқан тиянақтылықпен қарайды және басқалардан да соны талап етіп отырады. Өзгеге көмегін аямайтын Наурызбек Жұмабекұлы әлеуметтік жағынан аз қамтылған бірнеше отбасының үйіне газ құбырын тартып берді. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, көп балалы аналарға, мүгедектерге  еш көмегін аяған емес.

Рас, қайырымдылық қазаққа біткен қасиет. Сондықтан да Наурызбек  «көпшілікке көмектесу – азаматтық борышым» деп санайды. Халық та оны мақтан тұтады. Ақиқатын ацту керек, жастардың көп жиналатын жері  мегаорталық екені белгілі. Сондықтан жас кәсіпкер «Ақтөбе облысының аудан орталықтарында осындай жастар жиі бас қосатын мегаортылық салсам» деп армандайды. Қазірдің өзінде жобаларын жасап, сол бағытта жұмыс істеуде.

–Жастар елде  қалуы керек. Сонда ғана ауылдың экономикасы дамиды. Демографиялық өсім  ауылдан басталады. Ол үшін ауылдың әлеуметтік жағдайын толыққанды қамтамасыз етуіміз керек. Бір ғана емес, оған барлық жерде жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер жұмылуы қажет, – дейді Наурызбек Сарыбасов.

Жас кәсіпкер бұл бағыттта да қазір белсенділігін көрсетіп жатыр. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, имандылықты күшейту бағытында өзі үлкен жұмыстар жүргізуде. Осыған байланысты ауылда футбол алаңдары қайта жөндеуден өткізілген. Спорттық алаңдар толықтай арнайы жаттығу жасайтын жабдықтармен қамтамасыз етілген..

Наурызбек Жұмабекұлы жаңалыққа жаны жақын азамат. Елге, туған жерге жанашыр жандар тарапынан инвестиция көп келсе деген ойы бар. Бұл жолда бағыт  көрсетіп отыратын ағалары да бар. Бұл орайда ол Ақтөбе аймағына белгілі азамат Боран Жорасұылын мақтан тұтады. Оның үлгілі істерінен тәжірибе алатынын, ол кісіні мақтан тұтатынын да жасырмайды.

–Мұғалжар ауданының әкімі Асқар Тұрарұлы Шериязданов аймақтың экономикасына зор серпін беріп отыр. Үнемі бізге қолдау көрсетіп отыр. Шағын және орта бизнестің дамуына көңіл бөледі. Біз де ауданның экономикалы, халықтың әл-ауқатын артыруға тырысамыз. Басты мақсат – халықты жұмыспен қамту, елдің жағдайын көтеру, –дейді жас кәсіпкер Наурызбек Жұмабекұлы Сарыбасов.

Еркін Қалдан

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: наурызбек \ Ембі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір