12 Желтоқсан, 2019 NEWS
Qamshy.kz
Бүгін, 12 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесіне орай бірқатар азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттау туралы жарлыққа қол қойған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаеваны І дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.
Сара Назарбаевадан бөлек бұл атақты парламент мәжілісінің депутаты С.Абдрахманов, ғалым және қоғам қайраткері Ә.Ахметов, жазушы Т.Әбдікұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы М.Қасымбеков, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» РМК бас ғылыми қызметкері М.Мырзахметұлы опера әншісі Б.Төлегенова алды.
Сара Назарбаева - Қазақстанды үздіксіз 30 жылға жуық басқарып, биылғы жылы наурыз айында өз еркімен президент лауазымынан кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі. Ол "Бөбек" қайырымдылық қорының негізін қалаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір