• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қаңтар, 15:56:34
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

12 Желтоқсан, 2019 NEWS

Алматы облысында үздік журналистер марапатталды

Айдын Нұршанов

Жылдың аяғындағы жүлде жауатын  шақ та басталды. Оның шарапаты Алматы облысының ақпарат үздіктеріне де тиді. Нақтырақ айтқанда, тілші қауымына арналған дәстүрлі «Самғау» байқауы өз мәресіне жетті.  Жүлдегерлерді әдеттегідей облыс әкімі Амандық Баталов өзі келіп құттықтады. 

– Мен іссапармен қайда барсам да, алдымнан шыққан азаматтар Жетісуды мақтай жөнеледі. Жерұйық мекеннің тұмса табиғатын, зәулім ғимараттарын айтады. Мұның бәрі журналистер – сіздердің арқаларыңыз, Себебі, сіздер жұрттың жағдайын басты назарда ұстап, халыққа жеткізіп отырасыздар. Мен үнемі таңертең үстел үстіне қойылған газет-журналдарды оқып шығамын. Кешкі жаңалықтарды да қалдырмаймын. Егер күрделі мәселелерді байқасам, бірден шешу жолдарын іздеймін, – деді А. Баталов.

Төрде айтылған ұзын сөздің қысқасы осы: әкім «төртінші билік» өкілдерімен етене жұмыс жасап келеді. Тіпті, жекелеген сайттар күнделікті көз алдында.

,ноево

Енді, байқау туралы бірер сөз. Аталмыш бәйгеге республикалық, облыстық, аудандық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, штаттан тыс тілшілерден  жалпы 145 үміткердің жұмысы қабылданған. Ал 11 номинация озып келер көмбесі. Әлі бұйыртқан әр жүйріктің. Байқаудың мақсаты да аймақ басшысының сөзімен тіндес. Яғни,  Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін, өңірдің жетістігін насихаттай отырып,  журналистика саласына  қолдау көрсету.       

вусц          

Жүзден жүйрік шыққан журналистер тізімі төмендегідей:

«Үздік желілік басылым»  номинациясы  бойынша

3-орын — «Қarasayinfo» желілік басылымы

2-орын — «www.7su.kz» облыстық «Жетісу» газетінің желілік басылымы

1-орын - «Огни Алатау» газетінің желілік басылымы 

«Үздік облыстық Vlog  (Алматы облысы бойынша бейне-блог)  немесе   (Үздік блогер») (Алматы облысы туралы пост)  номинациясы  бойынша

2-орын  — Ханағат Нұрбол

1-орын  — Дүйсенова Сандуғаш 

«Үздік бейнеклип өңдеуші (монтаж) номинациясы  бойынша

3-орын  — Белов Александр – «Жетісу» телеарнасының видеоинженері

2-орын  — Мұстафаев Данияр «Жетісу» телеарнасының режиссеры

1-орын — Хусаинов Шалқар «Жетісу» телеарнасының  режиссеры 

«Баспа басылымның үздік дизайны, инфографика»  аталымы  бойынша

3 орын  — Жексимбекова Роза —  «Жетісу» газетінің аға беттеуші дизайнері

2 орын – Мұраталинова Мөлдір – «Жетісу» газетінің беттеуші дизайнері

1 орын – Садуакасова Айжан –«Талдықорған», «Талдықорған ақшамы» газеттерінің дизайнері 

«Үздік тілші»  (аудан, қалалық баспа басылымдары) номинациясы бойынша

3-орын — Игіман Жомарт «Сарқан»  газетінің бас редакторы

2-орын —  Өмірбаев Асхат «Қаратал»  газетінің бас редакторы

1-орын  — Жұмабекова Зейнегүл «Жетісу шұғыласы»  газетінің тілшісі

«Үздік республикалық (халықаралық) тілшісі  Алматы облысы туралы ақпараттық материал) аталымы бойынша

3-орын — Платонова Анна   — республикалық «Sputnik Қазақстан» ақпараттық порталында шыққан мақаласы  үшін

2-орын  — Қажет Андас   — республикалық «Рухани жанғыру» журналында шыққан мақаласы үшін

1-орын-  Сахариев Адильхан –«Хабар» арнасында шыққан «7 граней великой степи – новые сведения о золотом человеке» сюжеті үшін марапатталды.

«Үздік  фотосуретші»номинациясы бойынша

3-орын — Батыршин Тимур —  республикалық «Sputnik Қазақстан» ақпараттық порталында шыққан фотосуреттері үшін

2-орын  — Мусабеков Жұмабай – «Жетісу» газетінің фототілшісі

1-орын -Ысқабай  Женіс марапатталды.

«Үздік оператор»   (бейнематериал)  аталымы бойынша

3-орын  Байбосынов  Мади «Жетісу»  телеарнасының операторы

2-орын — Қазтұрғанов Қайрат —  «Жетісу» телеарнасының операторы

1-орын — Қалиев Айдос  – «Жетісу» телеарнасының операторы 

«Үздік тележурналист» (жаңалық сюжет) номинациясы бойынша

3-орын  — Аязбаева Назгүл –  облыстық  «Жетісу» телеарнасының редакторы

2-орын —  Қабышева Самал  – «31»  арнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі

1-орын — Айтқалиқызы Мадина — облыстық «Жетісу» телеарнасының редакторы

«Үздік журналист» (ақпараттық мақала) аталымы бойынша

3-орын — Дүйсенова Сандуғаш — республикасылық «Время»  газетінің тілшісі

2-орын  — Ақылбеков Азамат —  облыстық «Жетісу»  газетінің штаттан тыс тілшісі

1-орын –   Әміреев Жұматай  – «Жетісу»  газеті бас редакторының орынбасары

Облыстық журналистика саласына қосқан үлесі үшін (ардагер журналист)   номинациясы бойынша

Журналистика саласында 45 жыл еңбек етіп, 10 мыңнан астам репортаж  бен хабардың авторы болған, Алматы облысының Құрметті азаматы Тілеуқабыл Мыңжасар марапатталды.

 

Қозыбай Құрман

Фото авторы: Айдын Нұршанов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір