• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:45:52
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2019 Ғылым-білім

Қазақстанда екі миллионға жуық адамда арнайы білім жоқ

Бұл туралы еңбек ресурстарын дамыту орталығының ( ЕРДО) сарапшылары мәлімдеген.

Ашық дереккөз

Отыздыққа он қадам қалғандай сезінетін Қазақстанда халықтың біраз бөлігі сауда саласында жұмыс істейді. Өйтпей, қайтсін: елде 1,68 миллион жұмыскердің тек орта білімі ғана бар.

Бұл туралы еңбек ресурстарын дамыту орталығының ( ЕРДО) сарапшылары мәлімдеген. Олар ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері негізінде талдау жасап отыр.

Ресми мәліметке сүйенсек, республика тұрғындары  – 18,5 миллион адамның ішінде 9,2 миллион адам жұмыс күші ретінде есептеледі. Ал шын мәнінде, оның 8,7 миллион адамы ғана жұмыс істейді. Тағы бір мән беретін жайт, жаңағы жұмыс істейтін адамыңыздың 6,7 миллионы – жалдамалы жұмысшылар.

Нақтырақ айтқанда, жұмыспен қамтылғандардың ішінде арнайы білімі жоқ – 1,68 млн. адам бар.  Орта кәсіптік білімге ие адам саны әзірге 3,74 миллион.  Ал 3,35 миллион адам жоғары білім санатында .

Айта кетейік,  жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі, 5,7 млн. адам өз мамандығы бойынша жұмыс істейді. Бұл қазақстандықтардың 65%-ы ғана өз мамандығы бойынша еңбектеніп жүр деген сөз.

Қозыбай Құрман

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір