• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қаңтар, 16:08:16
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

13 Желтоқсан, 2019 Әлемде

АҚШ-тың Германияға қысым жасағаны айтыла бастады

Германия үкіметі АҚШ-тың айтқанына көніп, "капитуляция" жасауға мәжбүр болды. Мұндай өткір пікірді "Германия үшін альтернатива" фракциясының энергетика мәселелері жөніндегі ресми өкілі Штеффен Котре айтқан.

ria.ru

Бұл туралы «Qamshy.kz» ақпарат агентігі РИА Новости ақпарат агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 "2018 жылы Меркель ханым "Солтүстік ағын - 2" газ құбырының таза Германия мен Ресей арасындағы экономикалық жоба екенін және оған Еуропалық одақ заңнамасының жүрмейтінен жеткізген. Енді, АҚШ оны өздері тұрақсыздық орнатқан Украина мәселесімен байланыстырып қойды. Федералдық үкімет Американың қысым жасауымен осы экономикалық шабуылға көніп, капитуляция (тізе бүгу, мойын ұсыну – ред.) жасады", – деді Штеффен Котре.

Бір сөзбен айтқанда, депутат федералдық үкіметке АҚШ-тың қысым жасап отырғанын, ал мұндай сәтте Меркель үкіметінің Германия мүддесін қорғауға қауқарсыз екенін айтады.  

Айта кетейік, "Солтүстік ағын - 2"  жобасы аясында газ құбырының екі желісін тарту жоспарланған. Ол арқылы жылына 55 млрд текшеметр газды Ресейден Балтық теңізі арқылы Германияға тасымалдауға болады. Газ құбыры аумақтық су, яғни Ресей, Финляндия, Швеция, Дания мен Германияның экономикалық аймақтары арқылы өтеді. Украина "Солтүстік ағын - 2" жобасына қарсы. Себебі, бұлай болғанда ресейлік газ транзитінен түсетін пайда азаяды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір