• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:38:20
Алматы
+35°

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы жетекшісі Олеся Кексельге байланысты істің тоқтағанын растады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

"Қылмыс құрамы жоқ болғандықтан Кексельге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары тоқтады. Барлық тергеу амалдары жүргізілді және қазір заңдылығын тексеру үшін барлық материалдар прокуратураға жіберілді" деді 13 желтоқсанда журналистердің сұрақтарына жауап берген Ерлан Тұрғымбаев.

Олеся Кексель бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісі сияқты Қазақстандағы ірі даулы істер бойынша тергеу тобына жетекшілік еткен. Ол мамыр айында арнайы прокурорлар қызметінің жетекшісі қызметінен босатылған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір