• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:28:22
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2019 Саясат

Омар Жәлел: Біздің отарсызданбаған билігіміздің соған миы жетпей отыр.

Біз боздақтарымыздың қаны судай аққан сол қаралы күнді тойлап жүрміз. Әлемде мұндай күні аза тұтады, құран оқытады. Ұлт есін жинауы керек.

uralskweek.kz

Бұл туралы Абайтанушы ғалым Омар Жәлелұлы «Жетісу» телеарнасына берген сұхбаттарының бірінде айтты деп хабарлайды «Qamshy.kz» ақпарат агентігі.   

Аталған сұхбатта ол тәуелсіздікті өзінен өзі берілді деп ойлау біздің ең үлкен қателігіміз екенін атап өтіп, осыдан келіп ұлттық енжарлық, ұлттық апатия – «сен тимесең, мен тиме, бадырақ көз» деген немқұрайлылық шығатынын жеткізді.

– Қазір бізде шыршалар іліп бастады, бұл құлдық сананың белгісі. Тәуелсіздіктен біз Иса пайғамбардың туған күнін жоғары қойып отырмыз. Тәуелсіздік деген біздің ұлттың санасында. Халық оны қалайды. Бірақ біздің отарсызданбаған мемлекетіміз, билігіміздің соған миы жетпей отыр, – дейді Омар Жәлелұлы.

Сонымен бірге, сұхбат беруші отарлықтың уы етінде емес сүйегінде, сүйегінде емес жадында жатқан Қазақстанның әліге оның салдарымен күресіп келе жатқанын айтады. Ал оның түп тамыры – себебі туралы талдау жасап, сол негізде жүйелі жұмыс істеп жатқан үкімет жоқ екені сізге де белгілі болса керек.

 Айтпақшы, ғалым аталған сұхбатында "16 желтоқсан  –  желтоқсан көтерілісінде құрбан болған боздақтарды еске алу күні болу керек"  деп атап өткен.  

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір