• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:10:57
Алматы
+35°

Президент кеңесшісі Ерлан Қарин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы атауын өзгертуге қалай қарайтын айтты. Бұл туралы Қарин Telegram каналында жазды. 

Қариннің жазуынша, Тоқаев мұндай мәселелер кабинетте ғана емес, қала тұрғындарының басым көпшілігінің ұстанымы негізінде, азаматтардың ойын біліп барып шешілуі керек деп есептейді екен.

- Олжас Сүлейменов оңтүстік астананың атын өзгерту керектігін баяғыдан айтып келеді. Алайда оның президентпен кездесу барысында бұл мәселені қайта көтеруі – мемлекет басшысының бұл бастаманы қолдайтынын білдірмейді. Президент Алматыны дамытудың маңызды мәселелеріне назар аудару керек деп есептейді. Ол туралы президент осы жылдың 29 қазанында қала активімен кездесу кезінде айтқан еді. Мемлекет басшысы мұндай мәселелер кабинетте ғана емес, қала тұрғындарының басым көпшілігінің ұстанымы негізінде, азаматтардың ойын біліп барып шешілуі керек деп есептейді, - деп жазды Қарин.

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та ақын Олжас Сүлейменовтің президентпен кездескені, кездесуде "Алматы атауын "Алма-Ата" деп өзгерту бастамасын президент қолдады" деген сыңайда ақпарат тараған болатын.

Қазақстанды үздіксіз 30 жылға жуық билеген Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың 19 наурызында мерзімен бұрын президенттік өкілеттігін тоқтатқан. Заң бойынша, президент қызметін уақытша атқаруға кіріскен сол кездегі сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурызда Астана қаласының атын "Нұр-Сұлтан" деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойған. Тоқаев ол кезде қала тұрғындарының басым көпшілігінің ұстанымына, азаматтардың ойын-пікіріне қарамастан ел астанасынынң атын өзгерту туралы жарлық шығарған. 

Қазақстан Заң бойынша, Конституцияға өзгеріс енгізу туралы президент, үкімет немесе парламент ұсыныс жасай алады. Ал ұсынысқа орай бүкілхалықтық референдум өтуі тиіс. Бірақ сол кезде Қазақстан парламенті қала атауын өзгерту үшін референдум өткізу қажет емес деп шешкен. Бұл шешімді Конституциялық кеңес оң бағалаған.

 



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір