• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:09:07
Алматы
+35°

Алматыдағы «Байкен» мешітінде мәдениеттанушы, этнограф-ғалым, қазақтың салт-дәстүрлері туралы жазылған бірнеше кітаптың, атап айтқанда «Қазақ салттарының інжу-маржандары», «Салттар әлеміне саяхат» еңбектерінің авторы Бердалы Оспан жамағатқа дәріс оқыды. Бесін намазынан кейін өткен дәріске мешіт имамы Данияр Жұмабаев пен жүз шақты жамағат қатысты.

Сөз тізгінін қолына алған Б.Оспан халқымыздың бірқатар салттарына тоқталып өтті. «Қазақ өз салт өз салт-дәстүрлерін ту еткен халық. Салттарымыз адам дүниеге келгеннен бастап жауырыны қара жерге тигенге дейінгі уақытты қамтиды. Бала туғаннан бастап «Шілдехана» тойымен басталатын салтарымыз адам баласын өмір бойы қолдап, желеп-жебеп жүреді. Өмірдің қай жағын алып қарасаңыз қазақтың рухани бай салттарын көруге болады. Мысалы: «Бата беру», «Сүйінші сұрау», «Көрімдік беру», «Ерулік беру», «Құдалық», «Төркіндеу», «Жар салу», «Ұрандату», «Жар салу», «Той бастар», тағысын тағылар», – деді ол.

Қазақ Және бір баға жетпес өзіндік болмысы деуге болатын қыры, ол ғасырлар бойы халқымызды біріктіріп келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлеріміз. Осы салттарымыз қазақ халқының қай өкілі болса да, елдің қай түкпірінде жүрсе де өзінің ұлттық болмысын жоғалтпауына игі әсерін тигізіп келді. Әлі де солай жалғасып келеді.

Дәріскердің сөзінше, қазақ салттары ұлтымыздың жасы үлкен ұрпақтың жастар алдында абыройлы болуына септесетін және келешек ұрпақты тәрбиелейтін бірден-бір баға жетпес құралы. Рухани құндылықтар өзінше бір заңнаманы құрайды десек қателеспейміз. Қазақ халқы әрқашан өз салт-дәстүрлеріне сүйеніп өмір сүрген. Салттар өз тамырын тарихтың тереңінен бастайды және қоғам болып, ұлт болып өмірдің сынақтарын жеңуге арналған бірден-бір баға жетпес құрал деп айтуға болады. Осылай екенін тарих талай дәлелдеген. Мысалы қазақта «Дос болу»,салты ең бір қасиетті салттардың бірі. Бұл салттың қазақтың бабалары сақтар заманынан басталатын ерекше достық тарихы бар.

«Осындай жағдайда қазақтың ұлттық салттарына көмек ретінде діндер де өз тарапынан қолынан келгенше жұмыстар атқаруда. Себебі жастарды имандылыққа, адамгершілікке, ұлтаралық татулыққа шақыруда бүгінгі діни орындардың алатын өз орны бар. Дәстүр мен дін қатар жүрен жерде қоға үкен жетістіктерге жет алады деп нық сеніммен айтуға болады», деп сөзін қорытындылады этнограф.

Бұл дәрісті «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Дәстүр мен дін» жобасы аясында өткізді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дін

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір