• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 05:51:17
Алматы
+35°

18 Желтоқсан, 2019 NEWS

Тағы бір шенеунік қызметінен босатылды

Бүгін, 18 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасаған еді.

Мiid.gov.kz

Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Тимур Тоқтабаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы бүгін, 18 желтоқсанда Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Премьер-министрдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада Тоқтабаевтың қандай қызметке ауысқаны айтылмаған. 

Тоқтабаев 1981 жылы дүниеге келген, 2011 жылдан бастап Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде жұмыс істеді. 

Бүгін, 18 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасаған еді. Тоқаевтың жарлығымен Қанат Бозымбаев энергетика министрі қызметінен босатылып, президент көмекшісі болып тағайындалды. Ал шілде айынан бері президент көмекшісі міндетін атқарған Мәулен Әшімбаев Дархан Кәлетаевтың орнына президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Кәлетаевтың қандай қызметке тағайындалғаны әзірге белгісіз. Сонымен қатар, Мәдина Әбілқасымова ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босап, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы болып тағайындалды. Ол наурыз айынан бері ұлттық банк төрағасының орынбасары болған. Бұған қоса, бүгін Тоқаев тағы бір шенеунікті қызметінен босатты. 2017 жылдан бері Қазақстанның Ресейдегі елшілігін басқарып келе жатқан Иманғали Тасмағанбетов зейнет жасына толуына байланысты Тоқаевтың жарлығымен қызметінен кетті. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Тимур Тоқтабаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір