• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:51:10
Алматы
+35°
Медицина қызметкерлерінің статусын арттыру үшін медициналық кадрлық ресурстардың ұлттық жүйесі құрылады. Бұл туралы денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны таныстыру барысында айтылды, деп жазады primeminister.kz.

– Дәрігерлер мен мейірбикелердің жалақысы орта есеппен 2 есе артып, оларды әлеуметтік қолдау шаралары күшейтіледі, сондай-ақ кәсіби жауапкершілік шаралары да күшейтіледі. Жалпы бір дәрігердің жүктемесі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының деңгейіне дейін азаяды (1500 адамға 1 дәрігер), –  деді А. Мамин. 

Үкімет басшысы медицина саласындағы инвестициялық ахуалды түбегейлі жақсарту және жобалық басқаруды енгізу жоспарларын атап өтті.

– Алғаш рет салаға 2,8 трлн теңге қаржы бөлу жоспарланған, соның ішінде, 2,2 трлн жеке инвестициялар. Осы қаражат есебінен 431 денсаулық сақтау объектісі салынады, оның ішінде 10 мың орынға арналған, халықаралық деңгейдегі 19 көпсалалы аурухана мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы салынады. Бұл ауруханалардағы емдеу орындарын 50%-ға ұлғайтуға, медициналық нысандарының тозуын 56%-дан 38%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді, – деді А. Мамин.

Премьер-Министр осы шаралардың барлығы медициналық инфрақұрылымды жақсартуға және ауру-сырқаудың деңгейін азайтуға және қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығын 2025 жылға қарай 75 жасқа дейін жеткізуге ықпал ететінін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Дәрігерлер жалақысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір