• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:39:11
Алматы
+12°

Жаңадан тағайындалған энергетика министрі Нұрлан Ноғаев елордада журналистердің сұрағына жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау облысының бұрынғы әкімі министрліктегі әріптестерімен әлі таныспағанын және жеке кабинетіне әлі кірмегенін айтты. Журналистер 2016 жылғы Атырауда болған митингідегі Нұрлан Ноғаевтың Макс Боқаев пен Талғат Аянға берген уәдесін еске түсіріп, сұрақ қойды.

"Мен Талғат Аян мен Макс Боқаевқа берген уәдемді орындадым. Мен  митинг материалдары бойынша олар қылмыстық қудалауға ұшырамайтынын айттым және сөзімде тұрдым.  Олар  Қылмыстық кодекстің басқа бабы бойынша жауапқа тартылды", - деді Ноғаев. 

Кеше, 18 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұрлан Ноғаев Атырау облысы әкімі қызметінен босатылып, энергитика минитрі болып тағайындалды. 

Ноғаев 2016 жылдың наурызынан бері Атырау облысы әкімі қызметін атқарды. Ол әкім болып тағайындалған соң бірнеше айдан кейін Атырауда халық жерге қатысты митингіге шығып, биліктен жерді шетелдіктерге жалға беруге қарсы болған. Ноғаев сол кезде наразылармен кездесіп, "митингіге қатысқандар қудаланбайды" деп сендірген. Бірақ кейін Атыраудағы жер митингісіне қатысқан Макс Боқаев пен Талғат Аян "жалған ақпарат таратты", "араздық қоздырды" деген айыппен сотталған. Аян шартты жазамен босап шықса, Боқаев әлі қамауда отыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір