• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 20:33:02
Алматы
+35°

16 желтоқсан күні заңсыз акцияға қатысты деп айыпталып, Нұр-Сұлтандағы уақытша ұстау изоляторына 15 тәулікке қамалған белсенді Дулат Ағаділ "тағы да ұсталғанына қарсылық білдіріп шеге жұтқан". Бұл туралы Ағаділмен бірге 10 тәулікке қамалған белсенді Гүлмира Халықованың сөзіне сілтеме жасаған Азаттық Радиосы хабарлады.

Халықова Азаттық тілшісіне "Дулат Ағаділ адвокаты Данияр Ақтановтан 23 желтоқсанға белгіленген қылмыстық істі кейінгі қалдырып, тағы да ұсталғанына қарсылық білдіру мақсатында шеге мен болт жұтқанын әлеуметтік желі арқылы хабарлауын сұрады" деп айтқан.  

Бұған қоса, Халықова Азаттық тілшісіне мекеме ішінде айқай-шудан кейін дәрігерлер бригадасы келгенін айтқан. Ал жедел жердемнің анықтама қызметі Азаттық тілшісіне "Дулат Ағаділ Шәкірұлына шақырту түскенін" растаған. Шақырту қоңырауы 18 желтоқсан сағат 23.46-да түскен.

Азаттық жазуынша, олар Ағаділдің денсаулығы жайлы ақпарат алу үшін уақытша ұстау изоляторына барған, алайда қызметкерлер қандай да бір ақпарат беруден бас тарқан. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі де комментарий бермеген.

Дулат Ағаділ 16 желтоқсанда "бейбіт шерулер өткізу және ұйымдастыру тәртібін бұзды" деп айыпталып, 15 тәулікке қамалған. Ол 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда заңсыз митингіге қатысты деп айыпталған. Сол күні Алматы мен Нұр-Сұлтанда қала көшелерде бейбіт шеруге шыққан азаматарды полиция жаппай ұстап, кейбірі әкімшілік жазаға тартылған еді. 

13 қарашада Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылының тұрғыны, белсенді Дулат Ағаділдің осы аудандағы тергеу изоляторынан "қашып кеткені" туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Кейін, 15 қарашада Ағаділ бас прокуратура ғимаратның алдына келіп, изолятордан қашып кеткенін "заңсыз қудалауға қарсылығым" деп түсіндірген. Ол осы әрекеті үшін сот қаулысын орындамады деп айыпталып, тағы 6 тәулікке сотталған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір