• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:58:51
Алматы
+35°

Бүгін, 21 желтоқсанда  Ақтөбе облысында көліктер жаппай соқтығысып, 8 адам ауруханаға түсті. Оқиға Самара - Шымкент тас жолындағы Хромтау қаласының маңында болған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Департаменттің хабарлауынша, халықаралық тас жолдың 859-шы шақырымында 11 көлік жол апатына ұшыраған.

"Мерседес" автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағыттағы "Ваз-21115" көлігімен соқтығысқан. Қауіпсіздік үшін полиция барлық көліктің жүруіне тыйым салды. Сол кезде Хромтау қаласынан шыққан "Volvo" жүк көлігі жол жиегінде тұрған 9 көлікке соқтығысқан. Жол-көлік апатының салдарынан 8 адам Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді" - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Осы жылдың 16 қыркүйегінде Самара-Шымкент тас жолының бойында Ақтөбе облысы Бесқопа ауылының маңында екі көлік соқтығысып, алты адам қаза тапқан еді. 



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір