• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
23 Қаңтар, 08:38:09
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

23 Желтоқсан, 2019 Айтты-ей, бауырың!

Тірілерден қайыр жоқ... Аруақтар, тұрыңдар!

Ашық дереккөз

Адыра қалып ар-намыс, қасиет, кие, ырымдар,...
Ұрғашылық қылғасын, әрбір теке қырындар.
Жанардан от кеткен соң табаннан бүр
Тірілерде қимыл жоқ .... Аруақтар, тұрыңдар!

Бір қарасаң бәрі бар: жерім де бар, жырым бар,
Тілім-тілім демесең, тілім де бар, ділім бар.
Сол «бар»-лардың бәрінен айрылуға аз-ақпыз
Тірілерден қайран жоқ .... Аруақтар, тұрыңдар!

Түркістан

Рух өлмейді ... Тірісің. Біз білмейтін сырың бар...
Тұрыңдар да ұрпақты ұйықтап жатқан ұрыңдар!
(Қимылы жоқ, қаны жоқ - бірің өл де, бірің қал).
Тірілерден қайыр жоқ .... Аруақтар, тұрыңдар!

Нұрлан Сәдір

Ілмек сөздер: Аруақтар Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір