• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:06:54
Алматы
+35°

Жамбыл облысының Талас ауданында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар-жасампаздық бастауы!» атты жастар жылын қортындылау форумы өтті.

Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында өткен жастар форумын аудан әкімінің орынбасары, Қадірбек Садубаев құттықтау сөзімен ашып берді.

– Сіздерді күні кеше өткен баға жетпес басты мерекеміз, өздеріңіздің құрдастарыңыз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі жастар форумның да өтуі, сол Тәуелсіздігіміздің арқасы деп білемін.

Биылғы «Жастар жылында» Сіздерді, жақсы жетістіктерге жетті, Еліміздің өсіп өркендеуіне өзіндік үлестерін қосты деп білемін. Жастар жылында жастарды қолдауға бағытталған ауқымды шараларды өткізуге аудандық бюджеттен 5 млн. теңге қаржы бөлініп, оқыту-сауықтыру лагері, жас ақындар айтысы, байқаулар, жастар фестивалі, акциялар, спорттық шаралар барлығы 48 шара ұйымдастырылып, оған өздеріңіз қатысып, үлес қостыңыздар.

Құрметті жастар!

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жастар жылының жабылу мен Волонтер жылының басталу салтанаты шарасында студенттерді қолдау үшін 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттердің стипендиясын 25 пайызға өсіру жөнінде шешім қабылдады. Бұлда Тәуелсіздігіміздің тұрақтылығының арқасы.

Алдағы жылы, Волонтер жылы баршамызға, әсіресе жастарға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан сіздерді осы игі бастамаға белсенді атсалысады деп білемін,– деді аудан әкімінің орынбасары.

Форум барысында халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде әр сала бойынша жетістікке жеткен, ауданымыздың белсенді жастары аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар, жастар форумында №1-мектеп лицейдің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Закира Игорь Александрович, жас айтыскер ақын Нұржан Жексенбекұлы, Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында өткен параданса би түрінен жүлдегер атанған Мұсаева Айгүл өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, аудан жұртшылығына өз алғыстарын айта кетті. Іс-шара Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығы әншілерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір