• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 01:30:25
Алматы
+35°

Тәуелсіздік күні қарсаңында Жамбыл облысы Қаратау қаласындағы «Қазфосфат» ЖШС «Шолақтау» тау кен өңдеу кешені зертханасы қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді.

Ел аумағында Д.Менделеев кестесінің барлық дерлік элементтері бар. Оның ішінде біздің өңірдің де әлеуеті жоғары. Ал біздің өңірде химия саласының жүрегі саналатын «Қазфосфат» ЖШС еліміздегі бірігей өндірістік құрылым. Бүгінде онда 6000 қызметкер жұмыс жасайтын серіктестік заман талабына қарай жұмыс жасауы тиіс. Осыны ескерген серіктестіктің бас директоры Мұқаш Ескендіров «Шолақтау» тау кен өңдеу кешенінің ескі зертханасын заман талабына сай жабдықтармен қайтадан жаңғыртып берді. Осы жылдың мамыр айында басталған жұмыстар Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында толықтай аяқталған. Осылайша, техникалық бақылау және зерттеу бөлімдері орталықтандырылып, соңғы талаптарға сай құрал-жабдықтармен жабдықталыпты. Аталған зертхананың ашылу салтанатында Мұқаш Ескендіров бұл жерде күнделікті жұмыстан бөлек, зерттеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

– Бүгінде серіктестікте 6 кен орны бар. Ол жерлердің химиялық құрамдары өзгеше. Ондағы жер қыртысын толықтай зерттеп, өндіру зауыттары жіберу осы зертхананың міндетіне жатады. Мұндағы құрал-жабдықтардың барлығын Ресей Федерациясынан арнайы алдырдық. Ол үшін 300 миллион теңге бөлдік. Сондай-ақ мамандардың да білімдерін жетілдірдік. Бұдан өзге осындағы оқу орындарының студенттерімен жұмыс жасап, инженерлік салаға бет бұруына күш салудамыз. Өйткені, болашақ жастардың қолында, – деді Мұқаш Зұлқарнайұлы.

Зертхананың ашылу салтанады сөз алған Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов сала мамандарын заманауи ғимараттың ашылуымен құттықтап, химия өнеркәсібі саласындағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ аудан әкімі бірігей өндірістік құрылым облыстың әлеуметтік саласының дамуына орасан үлес қосып келе жатқанын тілге тиек етіп, алдағы уақытта Қаратау қаласының дамуына да назар салатынына сенім білдірді.

Бүгінде 20-дан астам маман жұмыс атқараратын зертханада кенді сұрыптау, электро қалқаны, прекурсорлар мен улы заттар қоймасы, термиялық бөлме, мұнай өнімдерін талдау және аналитикалық зерттеу сынды бірқатар бөлімдер жұмыс жасайды. Сонымен қатар онда жұмысшылар үшін бар жағдай жасалынған. Яғни, жуыну бөлмелері мен оқу бөлмелері қарастырылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір