• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
23 Қаңтар, 09:07:01
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Желтоқсан, 2019 Аймақтар

Жамбылдық дәрігерлер жаңа қондырғыларға қол жеткізеді

Qamshy.kz

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы тиімді жобаларды қолға алды. Басқарма мен №1 Тараз қалалық ауруханасы «OPTONIC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында Нидерландық Philips компаниясы шығарған AZURION 7B20 интервенциялық хирургияға арналған ангиографиялық рентгенографиялық жүйені жеткізу туралы ұзақмерзімді жобаны жүзеге асыру мақсатында үш жақты келісім-шартқа қол қойды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы және Шу қалалық ауруханасы «DEMEU» жауапкершілігі шектеулі сеірктестігімен мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында «Компьютерлік томографпен жабдықтау мен сервистік қызмет көрсету» ұзақмерзімді жобасын жүзеге асыру мақсатында келісім-шартқа қол қойды. Енді 4 ай ішінде ауруды асқындырмай, оның алдын-алуға мүмкіндік беретін, бағасы қымбат, жоғары сапалы шетелдік заманауи компьютерлік томография Шу қаласына жеткізіліп, тұрғындар оның игілігін көре бастайды.

Жоғары сапалы томографтың қолданылуы инсульт, тыныс органдары ауруларында, қатерлі ісіктің пайда болуында, қан айналымы жүйесінің бұзылуында, ас қорыту органдары мен ағзаның басқа да мүшелерінің сырқатында диагностиканы ерте қою үшін аса маңызды. Оның артықшылығы - санаулы секундта он екі мүшені толықтай тексеріп, өзгерісті бірден анықтап береді. Емдеу шаралары неғұрлым тез басталса, адам тезірек оңалады. Осылайша, мүгедектікке шалдығу жағдайлары азайып, өлім көрсеткіштерін төмендетуге мүмкіндік туатын болады. Біздің бұл жобадан күтеріміз көп, алдағы уақытта тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттырудың бірден-бір жолы осы болмақ», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

Аталған жобалардың құны 1 236 862,0 мың теңгені құрайды. Оның ішінде: компьютерлік томограф – 402 405,0 мың теңге, ангиограф – 834 457,0 мың теңге.

Айта кетейік, ангиография – қан-тамырлар мен оның төңірегіндегі ұлпаларды рентген сәулелері арқылы тексерудің жаңа әдісі болып табылады. Мұның тиімділігі орасан. Қозғалыс шектеліп, қан тамырлары тарылып, онда ақау көбейген тұста диагнозды дөп басуға септігін тигізеді. Арнайы аппарат қантамырға орналастырылатын арнайы катетер арқылы жұмыс істейді. Ол арқылы пациентке операцияға дейін жасалған барлық зерттеулер, ота кезіндегі ағзадағы өзгерістер, дерттің қай жерде, қандай дәрежеде екені барлығы айнадай көрініп, оңай басқарылатын сенсор арқылы дәрігердің бақылауында болады.

Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір