• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:37:14
Алматы
+35°

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Ауылдық клуб-2019» облыстық семинар-тренингі өтті.

Семинар- тренингтің мақсаты ауылдық клуб қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру, біліктілігін жоғарылату және мәдени-демалыс ұйымдарының озық тәжірибесінің жаңа бағыттарын игеру, насихаттау болып табылады. Іс-шараға облыс бойынша аудандық мәдениет үйлерінің директорлары, ауылдық клуб меңгерушілері мен Облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандары барлығы 180 адам қатысты

Шараны Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының орынбасары С. Мадиева ашып қатысушыларға сәттілік тіледі.

Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Ғ.Садырбаев- модератор ретінде семинар-тренингтің бағдарламасы мен мақсатына тоқталды.

Орталықтың жетекші мамандары салаға қатысты тақырыптар бойынша баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді. Директор орынбасары Ж.Тұрлығұлова «Ауылдық клубтардың халыққа қызмет көрсету деңгейін арттыру», бас редакторы Т.Әбдікәрімова «Ауылдық клубтың қоғамдағы рөлі», бөлім басшысы А.Үсенбаева «Мәдени-демалыс іс-шаралары мен клуб құрылымдары», көркемдік жетекші Н.Абдуллаев «Ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерінде мемлекеттік және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастырудың жаңа алгоритмі», бөлім басшысының м.а С.Қойшыманов «Рухани сұраныс пен меценаттарды байланыстыру-клуб қызметкерінің бір міндеті», ақпараттық орталық бөлімінің басшысы Е.Ағабек «Ауылдық клуб және цифрландырылған орталық» тақырыптарын слайд арқылы тындаушыларға жеткізді.

Бағдарламаға сәйкес өткен тренингте «Format E» мәдени даму оқу әдістемелік орталығының директоры Ерлан Әуесбаев клуб қызметкерлердің қатысуымен жұмыс жүргізді. Мамандар тарапынан белсенділік пен қызығушылықтары артқаны байқалды.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар тарапынан жыл бойы әлеуметтік желіде белсенділік танытып, іс-шараны насихаттағаны үшін және ауылдық клуб қызметін дамытуына қомақты үлес қосып жүрген мамандарға алғыс хат пен барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Жамбыл облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір