• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:18:55
Алматы
+35°

Біз әдетте құқық қорғау органдары мен полиция өкілдерін кінәлап жатамыз. Бірақ олардың ішінде де өз кәсібін адал атқарып, қиын жағдайда көмек қолын созатындар көп.

22 желтоқсан күні Жамбыл облысы аумағында қарлы боран соғып, көптеген жүргізушілердің жолда қалғаны мәлім. Осынау қиын қыстау, қарлы боран кезінде жолға шығып, қарлы боранда жүргіншілерге видео арқылы үндеу жариялаған полковник  кім? Анықтап білгеніміздей, ол Жамбыл облысы  полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары Самат Құсайынов болып шықты.

Ол құқық қорғау саласында 30 жылдан астам уақыт бойы қызмет істейді. Жасы-53-те.

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жуалы ауданының аумағында бір күннен бері жол жабық. Қатты жел соғып тұр, боран, жолдың көріну қашықтығы қиын. Өте қауіпті. Сондықтан да жүргізушілер қозғалысты тежеп, жақын елдімекендерді қалуларыңызды сұраймын, – дейді ол видеоүндеуде.

...Қазір боран басылды. Жол ашық.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір