• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
21 Қаңтар, 09:23:08
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

24 Желтоқсан, 2019 NEWS

Талғат Есеналиев «Үздік театр менеджер» атанды!

Фото: Мемлекеттік қуыршақ театрының баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен өтетін «Сахнагер» Ұлттық театр сыйлығы – еліміздің мәдени кеңістігін біріктіріп қана қоймай, мемлекетіміздің көпұлтты театр өнерінің дамуына тірек болатын көркемдік-эстетикалық және рухани құндылықтарды насихаттап, бүгінгі театр өнері үрдісіндегі жаңашылдық пен сахналық ізденістерді көпшілікке дәріптеп, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттер мен елдік сезімдерді арттыруға жол ашып, республикалық және аймақтық театрлардың шығармашылық келбетін сақтау мен дамытудағы рөлін айқындап, дамытуға мүмкіндік туғызып отырған бірден-бір айтулы шара.

а

Ұлттық театр сыйлығы елімізде биыл үшінші рет өз иегерлерін тауып, лауреаттардың шығармашылық жетістіктері республикалық деңгейде марапатталды. Олардың қатарында драма, опера, балет, қуыршақ, жастар театрларында еңбек етіп жүрген, айырықша дарыны мен шығармашылығы арқылы ел өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан кәсіби мамандар бар.

Сондай-ақ премия-фестиваль аясында биылғы «Жастар жылы» шеңберінде мемлекетіміздегі дарынды жас артистерді қолдауға ерекше назар аударылды.

Айтулы театр бәйгесінде Қазақстанның мәдениет қайраткері, Алматы қаласының Мемлекеттік қуыршақ театрының директоры ЕСЕНАЛИЕВ ТАЛҒАТ ҚАМҚАБАЙҰЛЫ республикадағы театрлар арасынан «Үздік театр менеджері» жүлдесіне ие болды.

а

Талғат Есеналиев театр басшысы ретінде іргелі істерімен қоса, қазақ театр өнері саласында 20 жылдан аса қарымды еңбек сіңіріп келеді. Атап айтқанда, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында еңбек жолын бастап, театр менеджменті саласында сапалы қызмет, ауқымды іс-шараларды абыроймен өткізді. Ғ.Мүсірепов атындағы Академиялық Балалар мен жасөспірімдер театрында директордың орынбасары қызметін де кәсіби жоғары деңгейде атқарып, мәдениет саласының өркендеуіне өз үлесін қосты.

Бүгінде қуыршақ театрының қазақ театр өнері кеңістігіндегі беделін қалыптастырып, республикалық, халықаралық деңгейде өнер көрсетуіне барлық жағдайды қарастыруда. Биік белестерді бағындырған ұжымының алға қойған бағыты мен бағдары да айқын. Ол – қазақтың қуыршақ театры өнерін өркендету,  кешегі мен бүгінгі өмір арасын өнердің биік шыңы арқылы шынайы көрсете білу. Ұлттың рухани қажеттілігін өтеп отырған театрдың репертуарлық саясатының ауқымы да кең. Репертуардағы отыздан астам қойылымдар орыс және қазақ тілдерінде көрермен назарына ұсынылып отыр.

2019 жылдың өзінде жеті театр фестивалінде үздік өнер көрсетіп, жүлделі оралған театрдың көркемдік деңгейі мен шығармашылық ұжымға қажетті жағдайды қарастырып отырған Талғат Қамқабайұлының білікті басшылығы барша жас мамандарға үлгі. Ұстаздық жолда да еңбек етіп, жастарға бағыт беріп қолдауда өлшеусіз еңбектеніп келе жатқан іскер басшы, өнерге жанашыр азаматты лайықты марапатымен барша әріптестері құттықтайды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір