• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 06:32:37
Алматы
+35°

Бұл туралы ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақпараттың материалын негізге алып.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бірнеше ай бойы ауқымды жұмыстар атқарылып, бүгін жастарды іріктеу аяқталды.

Комиссия отырысында эксперттік комиссия ұсынған кандидаттар қаралып, 300 жас қазақстандық іріктеліп алынған.

Резервке енген жастар мемлекеттік басқару жүйесіндегі жауапты қызметтерге тағайындалады. Мұндағы басты мақсат – білікті басшылардың жаңа буынын қалыптастыру және жастар үшін әлеуметтік лифтінің ұтымды жүйесін құру.

– Бұл резерв мемлекеттік қызмет саласын жаңартуға, озық ойлы жас көшбасшыларды жұмылдыруға және жастарды ынталандыруға мүмкіндік береді. Бірақ, Президент айтқандай, тек жоғары лауазымға ұсынылатын топ деп қарауға болмайды. Бұл жоба жастарды халыққа шын ниетімен қызмет етуге ынталандыруы тиіс, – деді М. Әшімбаев.

Іріктеліп алынған 300 жас қазақстандықтың толық тізімін жобаның ресми сайтынан танысуға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір