• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 15:33:25
Алматы
+35°

Бүгін, 26 желтоқсанда Қазақстанның әділет министрлігі "Қазақстанның демократиялық партиясын" құрғысы келетін бастамашыл топты тіркеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне бастамашыл топ жетекшісі Жанболат Мамай айтты. 

Мамайдың айтуынша, бастамашыл топ бүгін әділет министрлігіне 1120-дан астам адамның қолы қойылған құжат тапсырған. Әділет министрлігі құжатты тексеріп, оларды тіркеу туралы шешім шығарған. 

Фейсбук

- Әділет министрлігі Демпартия құрғысы келетін ұйымдастырушы комитетті тіркеді. Енді біздің бастамашыл топ екі айдың ішінде құрылтай съезд өткізу керек. Содан кейін төрт айдың ішінде қол жинау қажет. Қазіргі заңға сәйкес, саяси партияны тіркеу үшін кемі 40 мың адамның қолы болуы шарт, – деді Мамай. 

16 қазанда журналист, белсенді Жанболат Мамай, саясаткер Төлеген Жүкеев, журналист Сергей Дуванов Алматыда баспасөз жиынын өткізіп, "Қазақстанның демократиялық партиясын" құратындарын мәлімдеген еді. Олар сол кезде партия құрудағы мақсаттары "Қазақстанда саяси реформа жүргізу. Саяси тұтқындардың бостандығына қол жеткізу" екенін айтқан

Демократиялық бағыттағы партия құрғысы келетін бастамашыл топ өкілдері аймақтардағы жақтастарымен кездесу барысында түрлі қысымға ұшырағандарын айтып жүрді

Қазір Қазақстанда мемлекеттік тіркеуде 7 партия бар. Оның үшеуі - "Нұр Отан", "Ақ жол", және "Коммунистік халықтық партияның" өкілдері Қазақстан парламентінде отыр. 

 

Оқи отырыңыз: Жанболат Мамай: Тоқаев та, Назарбаев та популизммен айналысып отыр

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір