• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:53:53
Алматы
+35°

Алматыда Bek Air ұшағының апатқа ұшырауынан қаза болғандар саны 15 адамға жетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді.

"14 адам оқиға орнында қаза тапты. Бір адам ауруханада қайтыс болды. Барлығы тиісті ем-доммен қамтылған. Қан препараттары мен дәрі-дәрмектер жеткілікті. Қажет болған жағдайда Астана қаласынан дәрігерлерді шақыруға дайынбыз. Жан сақтау бөлімінде 10 адам жатыр. Жедел-жәрдем шақырылған уақыттан 15 минуттан кейін оқиға орнына жетті", - деді ол Алматы халықаралық әуежайында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 66 адам ауруханаларға жеткізілген. Оның ішінде 19 адам №4 қалалық ауруханасына, 13 адам жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына, 3 адам орталық қалалық клиникалық ауруханаға, 9 адам балаларға шұғыл медициналық жәрдем орталығына  жеткізілген. 5 адамның жағдайы ауыр. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы Қазақстан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір