• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 21:00:50
Алматы
+35°

Алматыдағы ұшақ апатынан қаза болғандардың арасында Informburo.kz сайтының редакторы Дана Круглова да бар. Бұл туралы Іnformburo.kz сайты хабарлады. 

Сайттың жазуынша, 35 жастағы Дана Круглова Алматыда іскерлік кездесулері болғанына қарамастан, жаңа жылды ата-анасымен қарсы алу үшін Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшпақ болған. 

"Дана Круглова нағыз журналист болған еді. Ол жазған мақалалар қоғамда резонанс тудырып, редакцияның барлық қызметкерлеріне үлгі болатын. Қаңтар айында Дана шығарушы редактор болды, ал 1 желтоқсаннан бастап тергеу бөлімін басқарды. Дана адал, батыл және объективті болды. Бұл біздің барлығымыз үшін орны толмас қайғы", - дейді Informburo.kz сайтының бас редакторы Михаил Дорофеев. 

Дана Круглова 1984 жылы 8 сәуірде  дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. 

Жұма күні таңғы уақытта Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кеткені хабарланған. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше,  Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен 07:05-те ұшып,  радардан жоғалып кеткен «Bek Air» әуе компаниясының ұшағының бортында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Соңғы ақпарат бойынша, қаза тапқандар саны 15-ке жеткен. Олардың 14-і апат болған орында қаза тапса, біреуі ауруханада көз жұмған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ұшақ апаты

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір