27 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

Апатқа ұшыраған ұшақтың экипаж мүшелері анықталды

qamshy.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі қаза тапқан Bek Air ұшағының экипаж мүшелерінің аты-жөндерін атады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, экипажда ұшақтың 58 жастағы капитаны Марат Мұратбаев, 1965 жылы туған екінші ұшқыш Мейіржан Молдақұлов,  бортсеріктер – М. Валиулина, М. Сахов, Р. Османов болған.  Ұшақ капитаны    Марат Мұратбаев қаза тапқан.

Бүгін, 27 желтоқсанда таңғы уақытта Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кеткені хабарланған. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше,  Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен 07:05-те ұшып,  радардан жоғалып кеткен «Bek Air» әуе компаниясының ұшағының бортында 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Соңғы ақпарат бойынша, қаза тапқандар саны 15-ке жеткен. Олардың 14-і апат болған орында қаза тапса, біреуі ауруханада көз жұмған. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы ұшақ апатына байланысты 28 желтоқсанды ұлттық аза тұту күні деп жариялады. 

Ілмек сөздер: апат ұшақ Алматы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір