27 Желтоқсан, 2019 Саясат
inform.kz
Қытайда есірткі заттарын тасмалдады деп айыпталған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.
Министрлік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Гуанжоу соты 27 желтоқсанда Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты шыққан өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімін өзгеріссіз қалдырған. Сот отырысына адвокаттар мен Қазақстанның Қытайдағы елшісі қатысты. Сот үкімі 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурыз айында Қытайда тұтқындалған. 2015 жылы маусымда Қытай соты Тұрлыбайды өмірлік түрме жазасына кескен. 2016 жылы сәуір айында апелляциялық сот үкімнің күшін жойып, істі қайта қарау үшін бірінші инстанцияға қайтарған. Тұрлыбай өзіне тағылған айыпты мойындамаған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір