• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:42:35
Алматы
+35°
Алматы халықаралық әуежайының диспетчерлері мен Bek Air әуе компаниясы ұшағының ұшқыштары арасында апат алдында болған әңгіменің дыбыстық жазбасы шықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ren.tv сайтының дерегін негізге алып. 
 
Әңгіме барысынан лайнердің ұшуға штаттық режимде дайындалғанын ұғуға болады. Диспетчерлер ұшқыштарға әуе кемесін ұшу-қону жолағына дейін апарып, ары қарай ұшуға рұқсат берген. Көп ұзамай байланыс үзілген. 
 
 
Диспетчерлер мен экипаж мүшелері арасындағы соңғы сөз төмендегідей өрбіген: 
 
Диспетчер: Bek Air 2100, жел 040 градус, оңға қарай 05 ұшуға рұқсат беремін.
 
Ұшқыш: оңға қарай 05, 2100, бәріңізге қайырлы күн!
 
Диспетчер: Жол болсын!
 
Кейін диспетчер ұшқышпен байланысқа шыға алмайды. 

"БекЭйр 2100, Алматы-Вышка"...

"БекЭйр 2100, Алматы-Вышка"...

"БекЭйр 2100, Алматы-Круг"...

Ұшқыштармен бірнеше рет байланысуға тырысқаннан кейін, диспетчер басқа лейнердегі ұшқышқа ескертеді. 

Дисепетчер: Астана 671, біз Fokker 100-дің қайда екенін білмейміз.

Содан кейін дабыл қағылады. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір