• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:15:57
Алматы
+35°

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерімен бірлесіп қаза болған азаматтардың отбасыларына 4 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

Ақорданың жазуынша, Тоқаев мұндай тапсырманы ұшақ апатына байланысты Ақордада өткізген шұғыл кеңесте берген.

Сонымен қатар Тоқаев қайтыс болғандардың жақындарына жан-жақты психологиялық және медициналық қолдау көрсетілетінін айтқан. 

Бұған дейін Тоқаев Алматыдағы ұшақ аптына байланысты 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын. Президент шұғыл кеңесте соған байланысты ертең елдегі мемлекеттік туларды төмен түсіруге және барлық ойын-сауық шараларын тоқтатуға тапсырма берді.

Бүгін, 27 желтоқсан күні таңертең Алматы әуежайы маңына Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы құлады. Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақта 93 жолаушы мен бес экипаж мүшесі болған. Ресми орындардың дерегін негізге алған бірқатар БАҚ бастапқыда 15 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді. Кейінірек премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр ұшақ апатынан 12 адамның қаза болғанын мәлімдеді. Олардың арасында экипаж командирі Марат Мұратов та бар.


 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір