• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
23 Қаңтар, 08:29:34
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

27 Желтоқсан, 2019 NEWS

Алматылық полицей: «Кеудесінде кішкентай сәби жатты»

Алматы маңында болған ұшақ апатынан кейін әлеуметтік желіде түрлі ақпараттар тарай бастады. Соның ішінде 9 айлық сәбидің қалай құтқарылғаны туралы видео жұрттың ерекше назарын аударған болатын.

tengrinews.kz

Ссәбиді құтқарып қалған алматылық полицей көпшілікке ұшақ апатынан кейінгі жағдайды айтып берді. Ол шақырту келіп түскен кезде өздерінің жақын маңда жүргенін, оқиға орнына тез жеткенін,  әріптесі екеуінің бірнеше адамды сыртқа алып шыққанын жеткізе келіп:

«Арасында марқұмдар да болды. Сосын бізге «үйдің арт жағын қараңдаршы, тағы адамдар болуы мүмкін» деді. Біз сол жақтан 30-35 жастағы әйелді таптық. Ол аяғы сынып, үнсіз жатыр екен. Кеудесінде кішкентай сәби жатты. Бірақ алғашында мен оның бала екенін білмедім. Білген соң әйелге «баланы алып, жедел жәрдемге берем» дедім. Ол көзін жұмып, келісімін берді», – дейді Жақсылық Сұлтанов.

Осылайша, жаралы ананың кеудесін "паналаған" сәби аман қалған. 

Атап өтерлігі, нәрестені көтеріп алып шыққан Жақсылық Сұлтанов – Алматы қалалық полиция департаменті патруль полиция полкінің аға лейтенанты. Ал сәби ми жарақатымен ауруханаға түскен. Жағдайы бірқалыпты. Ал оның әкесі  Ғатиат Мақсұт бас жарақатымен шұғыл медициналық қызмет көрсету ауруханасына жатқызылса, анасы Ғатиат Айсұлу кіші жамбас ұршық буынының соққысы, бел омыртқасының жарақаты диагнозымен түскен.

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір