• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:08:57
Алматы
+35°

Белгілі қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин қайтыс болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ақпаратты Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында тәуелсіз журналист Ермұрат Бапи хабарлады.

"Қазақстан демократиялық қозғалысының пайғамбары Серікболсын аға (Әбділдин) өмірден өтті деген суық хабар келді. Билікке иілмей өткен қайсар, қайтпас адам еді. Қазақстанның тәуелсіздігін Назарбаевтан бұрын жария етіп, "Қазақстанның тәуелсіздік декларациясына" қол қойған тарихи тұлға еді... Қош бол, асыл аға!" деп жазды Бапи.

Серікболсын Әбділдин - қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

Ол 1937 жылы Шығыс Қазақстан облысы, қазіргі Тарбағатай ауданы Қызылжұлдыз ауылында туған.  1982-1985 жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, 1985 жылы АӨК-ні басқару жөніндегі Республикалық Жоғары мектептің ректоры, 1986-1987 жылдары Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрі, 1990-1995 жылы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Төрағасы болып қызмет еткен. 1995 жылдан - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің (қазіргі - Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агробизнес кафедрасының меңгерушісі, профессоры қызметтерін атқарады.

Серікболсын Әбділдаұлы 11-ге жуық ғылым еңбек пен 6 монографияның авторы.

Qamshy.kz порталының ұжымы Серікболсын Әбділдиннің отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір