06 Қаңтар, 2020 Оқиғалар

Алматыда троллейбус қаққан жаяу жүргіншінің қаза болғаны хабарланды

Tengrinews.kz

Алматыда троллейбус жаяу жүргіншіні қағып, салдарына жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды. Бұл туралы "Алматыэлектротранс" АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Олардың мәліметінше, №12-ші бағыттағы троллейбус жүргізушісі Қ.Сәтбаев көшесінің бойымен жолаушысыз автопаркке қарай бет алған. Жүргізуші Розыбакиев көшесіне жетпейтін тұста тұрған Lexus GS 300 және Honda Accord маркалы екі көлікті соққан.

"5 қаңтарда, шамамен сағат 23:20-де троллейбус жүргізушісі Сәтбаев көшесімен шығысқа қарай автопаркке келе жатқан. Розыбакиев көшесіне жеткенде оның қан қысымы көтеріліп, ол есінен танып, көшеде тұрған Lexus GS300 және Honda Accord көліктеріне соғылып, тротуарға шығып кеткен және жаяу адамды қағып кеткен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері, тасымалдаушы компания өкілдері, жедел жәрдем келді. Келген дәрігерлер жаяу жүргіншіге медициналық көмек көрсетті, бірақ ер адам ауыр жарақаттан сол жерде көз жұмды. Марқұмның отбасына өтемақы төленеді" - деп хабарлады "АлматыЭлектротранс" АҚ.

пк

нгш

гол

шд

гш

рош

род

шщ

орл

рд



Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір