• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 07:08:43
Алматы
+35°

«Педагог мәртебесі туралы» заңды бұзып, мұғалімдерді кемсіткен адамдарға қанша айыппұл салынатыны белгілі болды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады. 

Жеке тұлғалардың мұғалімдерді кемсітіп, қорлағаны үшін айыппұл 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) құрайды (79 530 теңге). Егер мұндай заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, онда 40 АЕК (106 040 теңге) айыппұл немесе бес күнге дейін әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалады.

Егер мұғалімді кәмелетке толмағандар кемсітсе, онда олардың ата-аналарына немесе оларды алмастыратын адамдарға  20 АЕК (53 020 теңге) айыппұл салынады. Бірнеше рет бұзғаны үшін 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады. 

Мұғалімдерді әдеттен тыс қызметтерге тарту туралы да ескерту жасалды.  Бірнеше рет заң бұзғаны үшін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады (318 120 теңге).

Сондай-ақ күтпеген есепті талап етуге де айыппұл қарастырылған. Бірнеше рет заң бұзғаны үшін ескерту болады, кейін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. 

Заңнамада қарастырылмаған тексерулер жүргізгені үшін де айыппұл салынады. Бірнеше рет заң бұзғаны үшін - 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.
2020 жылы 1 АЕК 2 651 теңгені құрайды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір