• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:59:49
Алматы
+35°

Иран АҚШ әскери базасына зымыранды шабуыл жасады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Ирактың батысындағы Эйн Асадтың АҚШ әскери базасы зымырандық шабуылға ұшырағаны хабарланды. Ирандағы Ислам революциясының сақшысы (IRGC) шабуылды өз жауапкершілігіне алды. 

Press TV шабуылдың видеосын жариялады. 

"Ислам революциясының сақшысы АҚШ-тың Ирактағы Эйн Асад әуе базасына ондаған зымыранмен шабуыл жасағанын растайды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ аталмыш шабуыл америкалықтардың Касем Сулейманиді өлтіргенінен жауап екенін айтқан. 

АҚШ шенеунігі Ирактың батысындағы Эйн Асадтың АҚШ әскери базасы зымыранмен шабуыл жасалғанын растады. Оның айтуынша, шабуыл салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір