• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:43:24
+35°

Иран АҚШ-тың әскери базасына шабуыл жасауына байланысты Трамп әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Трамптың айтуынша, бәрі жақсы өтіп жатыр. Ол қазір шабуыл салдарынан зардап шеккендер мен шығындар туралы ақпарат анықталып жатқандығын айтты. 

"Қазіргі таңда әлемдегі ең қуатты және жақсы қаруланған әскерилер біздің елімізде тұрады! Ертең таңертең мәлімдеме жасаймын", - деп жазды Трамп өзінің twitter парақшасына. 

Еске салсақ, 8 қаңтарға қараған түні Иран Ислам Революциялық Сақшылар корпусы (IRGC) АҚШ әскери күштері орналасқан Ирактағы бірнеше полигонға оннан астам зымыранмен шабуыл жасады. Сондай-ақ Иранның бұл шабуылы америкалықтардың Касем Сулейманді өлтіргеніне қайтарға жауабы болған. Аталмыш операция "Марқұм Сулеймани" деп аталды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір