• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
21 Қаңтар, 08:05:15
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

08 Қаңтар, 2020 NEWS

Айлық төлемі 5 мың теңгеден басталатын пәтерлерге құжат қабылданып жатыр

yvision.kz

Алматыда жұмыс істейтін жастарға арналған сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 255 пәтерге өтініштер мен құжаттар қабылдануда. Құжаттарды almaty-jastary.kz сайты арқылы 20 қаңтарға дейін тапсыруға болады.

Пәтердің жалдау мерзімі 5 жыл. Ай сайынғы жалға алу бағасы 4500 теңгеден басталады.

Бағдарламаға, 29 жасқа толмаған, соңғы екі жылда Алматыда түркеуде тұрған, өзі мен отбасы мүшелерінің басында баспанасы жоқ, айлық табысы 106 мың теңгеден асатын, банкте депозиті бар (ондағы жиналған ақша мөлшері маңызды емес) жастар қатыса алады.

Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесі (ең көп ұпай саны бойынша) бойынша жасалады. Ұпайлардың берілу критерийлері, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізімі туралы ақпаратты жоғарыда көтсетілген сайттан алуға болады.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір