• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:00:02
Алматы
+35°
 
АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қатысты әрекеттерін отандастарының жартысынан көбі қолдамайды. Бұл туралы Reuters агенттігі жүргізген пікіртерім нәтижесінде белгілі болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Голос Америки" сайтына сілтеме жасап.

Сауалнама қорытындысына сай, ересек америкалықтардың 53 пайызы президенттің Иранға қатысты саясатын қолдамайды. Бұндай пікірдегілер желтоқсанның орта шегінде жүргізілген сауалнамаға қатысушылардан 9 пайызға артық. Келіспейтіндерін айтқандардың 39 пайызы Иранға қатысты әрекетке үсілді-кесілді қарсылығын білдірген.

Трамп әрекетіне қатысты елдегі басты партиялардың көзқарасы да қақ жарылып отыр. Демократтар мен тәуелсіз сайлаушылар президент саясатымен келіспейтіндерін айтса, республикашылдар қолдап отыр.

Ирандағы жағдай президент рейтингіне көп әсер ете қоймаған. Трамп жұмысына 41 пайыз америкалықтардың көңілі толса, 54 пайызы қарсы пікірде.

3-6 қаңтарда жүргізілген сауалданама барысында америкалықтардың 41 пайызы Иран АҚШ-қа қатер төндіреді деп есептейтіні анықталды. Зерттеуге қатысқандардың 71 пайызы АҚШ алдағы бірнеше айда Иранмен соғысады деп жауап берген.

Бұған дейін, 3 қаңтарда Ислам революциясы корпусының "Құдыс күштері" арнайы жасағының қолбасшысы Сүлеймани Ирак астанасы Бағдаттың әуежайында АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде қата тапқан. Артынша шабуыл жасауға АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрық бергені анықталды. Бұған шамданған Иран АҚШ-тан кек алатынын мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Трамп Иран

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір