• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:36:15
Алматы
+35°

Алматыда 2020 жылдың алғашқы 8 күнінде "Сергек" камералары 42 миллион теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Осы мерзімде 2564 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелген. Жиі бұзылатын ережелер арасында жылдамдықты асыру (сағатына 10-20, 20-40 және 40-тан аса шақырым) байқалады. Полицейлер жүргізушілер жол бойындағы жол қозғалысы ережелерінде бекітілген талаптарға назар аудармайтынын байқаған", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 1 қаңтардан бастап "Сергек" алматылықтарды ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл сала бастады. Қалада 400 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір